Сотталған азамат ақхалаттыларға алғыс айтты
Ауру алқымынан алып, денсаулығына дерт жабысқан әр адам дәрігерден үміт етеді. Тырп етпестен төсек тартып жатқан жандардың жебеушісі де осы ақ халаттылар. Расында, жанды шүберекке түйіп, жүрек соғысы баяулап, тыныс тарылғанда аурудан айықсаң бақыт деген сол емес пе? Ал сол бақытқа біз дәрігерлер арқылы қол жеткіземіз. Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші азамат мекемдегі дәрігерлерге алғысын білдірді. Ол өз хатында қант диабетімен ауыратынын, мекемеде жазасын өтеген 9 айдың ішінде ақ халаттылардың жәрдеміне разы болғанын жеткізген. «Мекемедегі медициналық-сауықтыру бөлімінің майталман мамандарының ем-домының арқасында шипама дауа табылып, денсаулығым дұрысталды. Осындай жандарға алғыс айту бізге парыз», - дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Өндірістегі жазатайым оқиға: әділдік пен заң талаптары
- 12 наурыз, 2026
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




