Денсаулық
Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2022
- 416
Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Қанатбек Мәдібек 1977 жылы туған.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Сарысу ауданындағы Сумен қамтамасыз ету және кәріз кәсіпорнында инженер болып бастаған.
Әр жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі, Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2012-2015 және 2019-2020 жылдары Сарысу ауданының әкімі, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 2016-2019 жылдары ҚР Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарында еңбек еткен.
2021 жылғы сәуірден бастап Талас ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов өзінің жаңа орынбасарын облыс активіне таныстырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, өңірді өркендету бойынша нақты міндеттер жүктеп, жұмысына сәттілік тіледі.
Қанатбек Мәдібек ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, табиғи ресурстар, жер қатынастары, ветеринария, туризм салаларына жетекшілік ететін болады.
Aq jol aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді