Теолог мамандар сотталғандармен кездесті
Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының теолог мамандары: Б.М.Тілеухан, А.Ә.Сәрсенбаев, С.П.Култаев, Қ.Қ.Жарас, Б.Н.Кулназаров және А.Сабырұлы өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіндегі сотталған азаматтармен кездесу өткізді. Кездесудегі басты мақсат – жазасын өтеушілерге жалған діни ағымдарды дәстүрлі діндерден қалай ажыратуға болатындығы жөнінде және деструктивті діни ағымдардың ерекшеліктері туралы дәріс беру. Жүздесу барысында теолог мамандар сотталған азаматтарға рухани құндылықтарға баса назар аудару керектігін, дін саласына қатысты қандай да бір ақпараттарды білікті мамандардан сұрау қажеттігін еске салды. Дәріс барысында бес парыздың бірі – намаз оқудың да тәртібі түсіндірілді. Мамандар бұл күні жеке қабылдау да өткізіп, сотталғандардың діни сенімін анықтады.
Шара соңында жазасын өтеушілер тарапынан қойылған сан сауалдарға нақты әрі толыққанды жауап берілді.
Ұқсас жаңалықтар
ҚАЖ қызметкерлері Шу ауданында мектеп түлектерімен кездесті
- 28 қаңтар, 2026
Сот төрелігі – сенім өлшемі
- 27 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




