Пробация есебіндегі 3 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды

Пробация есебіндегі 3 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды
ашық дереккөз
Пробация есебіндегі 3 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды
Бұған дейін хабарлағанымыздай, облыс орталығындағы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткен-ді. Шараға қалалық жұмыспен қамту орталығының, облыстық және қалалық прокуратура және Тараз қалалық пробация қызметінің қызметкерлері сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған 25 сотталған жұмыс іздеуші ретінде қатысқан болатын. Жәрмеңке барысында 40-қа жуық жұмыс беруші мекемелерден 190 бос жұмыс орындарын ұсынылып, пробация қызметінің есебінде тұрған 10 сотталған бос жұмыс орындарына жолдама алған еді. Дәл бүгін жолдама алған жазасын өтеуші азаматтар тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Атап айтқанда, сотталған Назарбеков «Тараз тері аяқ киім» комбинатына аяқ киім жинақтаушы ретін жұмысқа орналасса, жазасын өтеуші Балпыков «Жасыл ел - Тараз» ЖШС-нен «екі қолға бір күрек» тапты. Ал сотталған Нурмашов 4 разрядты слесарь-монтаждаушы боп «Тараз» ЖШС-де еңбек ететін болады. Айта кетейік, сотталған Балпыков пен Нурмашов қалалық №3 пробация бөлімінде есепте тұр.    

Ұқсас жаңалықтар