Мерейлі Меркі
Әні: Нышан Төлегеновтікі. Сөзі: Құрманбек Қосалыұлынікі.
Құшақ жайған Алатаудың бөктерінде, Мақтанамын сенде туып-өскеніме. Елі өркен, жері көркем ауылым бар, Ұлы Жібек керуен жолы – өткелінде. Қайырмасы: Тұғыры айбынды Аспарам, Сені артық көремін басқадан. Киелі туған жер өзіңе Шабытпен шырқалар асқақ ән. Өзің болдың сағынышым, аңсағаным, Самал желің тербетеді достар әнін. Шипажайдың көрсең барып кереметін, Сұлу сырын тыңдап Меркі-Аспараның. Қайырмасы: Арайлап атсыншы таңдарың, Бөленіп желекке бауларың. Туған жер бас иіп өзіңе, Жүректен асыл сөз арнадым. Туған жерім көркің қандай, сұлу сымбат, Меркі шатқал, Сандық жайлау – төрің қымбат. Топырағың түлегіңе қастерлі ғой, Сағынышы жүрегінде жатқан тулап.Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




