Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 80 жыл толды. Содан бері жарық көре бастаған «Қазақ әдебиеті» газетіне де - 80 жыл! Қазақ қаламгерлерінің басын қосқан қара шаңырақта осы жылдар ішінде 14 құрылтай өтіпті. Ол құрылтайда баяндама жасаған ақын, жазушылардың басында Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, одан беріде Жұбан Молдағалиев, Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов, Әкім Тарази, Қалдарбек Найманбаевтар тұрды. Бүгінде одақты белгілі ақын, драматург Нұрлан Оразалин басқарып отыр. Сексен жылда қазақ әдебиеті жаңа деңгейге көтерілді. Абай түзеген қазақтың әдеби сөзі Алаштан асып, әлемге танымал болды. Оған әріде Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов бастаған, беріде Тәкен Әлімқұлов қоштаған жүздеген таланттар үлес қосты. Қазақтың қабырғалы қаламгерлерінің қос тойы 3 қараша күні Жазушылар одағында басталады. Тойға облысымыздан талантты ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Ахметова, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Несіпбек Дәутаев бастаған бір топ қаламгерлер аттанып кетті. Мерейтой құтты болсын, қазақтың көркем сөзінің туын тік көтеріп жүрген қаламгерлер қауымы!
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Бар ізгілік балалар әдебиетінен басталады
- 16 қаңтар, 2025
Абайдың аманаты һәм Серіктің серті
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді