Сотталған азамат бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті
Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталған азамат «Skype» бейне байланыс жүйесі арқылы Қарақалпақстандағы жақындарымен тілдесті. Әңгімелесу барысында туыс-туғандарының амандығын, ұл-қыздарының болашаққа жоспарын біле алды. ҚР ҚК-нің 188 бабы 2 бөлігі және 190 баптың 2 бөлігімен кінәлі деп танылған азамат сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылған. Ойланбай от басқан азаматтың алдағы уақытта отбасын асырауға мүмкіншілігі бар. Себебі, мекеменің сотталғандар еңбегін ұйымдастыру тобының ұйытқы болуымен ол мұнда «екі қолға бір күрек» таба алды. Ал сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің ықпалымен мәдени-спорттық іс-шараларға белсенді атсалысады. ҚАЖ қызметкерлерінің қоғамға бейімдеу жолындағы қажырлы еңбегін бағалаған туыстары өз алғыстарын жеткізді.
Әлихан Қали ЖД-158/5 мекемесі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




