Мирас Тұрғын – үздік ойыншы
Бауыржан Момышұлы ауылындағы Орталық стадионда футзалдан ел чемпионатының күміс жүлдегері, «Golden Boy» сыйлығының иегері атанған, «Аят» футзал клубының ойыншысы Әбдірәсіл Әбдіманапұлының жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында аудандық турнир өтті. Жарысқа Бауыржан Момышұлы ауылы мен ауылдық округтерден келген 60-қа жуық жас аяқдоп шебері қатысты.
Тартысты әрі қызықты өткен сайыста әрбір команданың тыңғылықты дайындалып келгені көрініп-ақ тұрды.
Аяқдоп аламанының қорытындысы бойынша бірінші орынды №15 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы жеңіп алса, екінші орын «Акация» футбол клубына бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынды №29 орта мектебінің командасы еншіледі.
Одан бөлек, жарыста «Үздік шабуылшы» аталымымен №15 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасының ойыншысы Нұрқанат Қозыбай марапатталса, №29 орта мектебі командасының ойыншысы Зұлмат Бегімжан «Үздік қорғаушы» деп танылды.
Ал «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» аталымын «Акация» футбол клубының ойыншылары Болатбек Ислам, Мирас Тұрғын иеленді.
Есет ДОСАЛЫ
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




