Дәулетте – күміс, Мухымда – қола жүлде
Ресейдің Владивосток қаласында VІІ «Азия балалары» халықаралық спорт ойындары өтуде. Аталған ойынның дзюдо бәсекесі жамбылдықтар үшін өте сәтті басталды. 66 килограмм салмақта өңір намысын қорғаған Дәулет Ержігіт бірнеше қарсыласын ұтып, тек финалда ғана есе жіберді. Осылайша, Дәулет күміс жүлдені олжалады. Сондай- ақ, 81 килограмм салмақта Мухым Расул қола жүлдеге қол жеткізді. Жасөспірімдеріміз осылайша Азия аумағында өздерін мойындатуы – үлкен жетістік. Алдағы уақытта Дәулет Ержігіттің де, Мухым Расулдың да талай бәсекеде алтын жүлде жолында тер төгетіні анық. Осылайша, дзюдодан Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметовтың жолын лайықты жалғайтын жастар үлкен олжаға кенелді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




