Байланыс берік болса,іс алға басады
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Еуропа қайта құру және даму банкінің басшылығымен кездесті. Басқосуда несиелендірудің бағыттары және өңірде қолға алынған ауқымды жобалар жан-жақты айтылды. Сонымен қатар несиелендірудің тетіктері қаралып, жұмысты ілгерілету жайы да пысықталды. Кездесуде Еуропа қайта құру және даму банкінің тұрақты инфрақұрылым директорының орынбасары Бахтиёр Файзиев банктің елдегі үлесі туралы тарқатып айтты. Сонымен банк энергетика, табиғи ресурстар, телекоммуникация, өндіріс, қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік, туризм, сауда, агробизнес сынды экономиканың негізгі секторларына қолдау көрсетуде. Соның ішінде жалпы қаржының 51 пайызы инфрақұрылымға 18 пайызы табиғи ресурстар және 17 пайызы энергетика саласына аударылған. Банк елдегі жетекші салалармен бас-аяғы 295 келісімшарт жасаса, оның жалпы құны 9,6 миллиард евроға жеткен.
Жиында ЕҚДБ мен ҚР үкіметі арасындағы әріптестікті күшейту туралы келісім шеңберінде іске асып жатқан Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасының орындалуы талқыланып, кәріздік тазарту құрылысын жаңғырту бағдарламасы жөнінде айтылды. Банк басшылығы кейінгі жылдары үйлесімді іске асып жатқан «Жасыл қалалар» деген жобаның тиімділігі туралы айтты.
– Еуропа қайта құру және даму банкінің «Жасыл қалалар» атты бағдарламасы қалаларды қолдауға бағытталған. Яғни, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға жәрдемдеседі. Қазір осы бағдарламаға Еуразия мен Солтүстік Африкадан 56 қала еніп отыр, – дейді Бахтиёр Файзиев.
Кездесуде облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Жасыл қалалар» бағдарламасы аясында Тараз қаласына троллейбус жүргізу туралы ұсыныс жасады. Артынша аймақ басшысы бұл тапсырманы қала әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайрат Әбілханұлына жүктеді. Өңір басшысы Еуропа қайта құру және даму банкімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу облыс үшін маңызды екенін айтып, тараптар әріптестік байланысты нығайта түсуге келісті.
Сәндібек ПІРЕНОВ
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді