«Аят» ойыншысын қуантты
Бауыржан Момышұлы ауылындағы Орталық стадионда футзалдан Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының үздік жас ойыншысы, «Golden Boy» сыйлығының иегері атанған, «Аят» футзал клубының ойыншысы Әбдірәсіл Әбдіманапұлының жүлдесі үшін жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа 60-қа жуық жас ойыншы қатысты. Жарысқа аудандық «Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының» директоры Жандос Баетов, футзалдан Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, «Golden Boy» сыйлығының иегері Әбдірәсіл Әбдіманапұлы, «Жамбыл облысы әуесқойлар футбол лигасы» қоғамдық бірлестігінің менеджері, «Омега» футбол клубының басшысы Санжар Сейсенғалиев, Әбдірәсіл Әбдіманапұлының әкесі Әбдіманап Балқыбеков арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысты әрі қызықты өткен сайыста әрбір команданың тыңғылықты дайындалып келгені көрініп-ақ тұрды.
Жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды №15 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің құрама командасы жеңіп алса, екінші орын «Акация» футбол клубына бұйырды. Ал жүлделі үшінші орынды №29 орта мектебінің командасы иеленді.
Одан бөлек, жарыста «Үздік шабуылшы» аталымымен №15 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасының ойыншысы Нұрқанат Қозыбай марапатталса, №29 орта мектебі командасының ойыншысы Зұлмат Бегімжан «Үздік қорғаушы» деп танылды.
Ал «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» аталымымен «Акация» футбол клубының ойыншылары Болатбек Ислам, Тұрғын Мирас марапатталды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалардың барлығы кубоктар, медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтарға ие болды.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
журналист.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




