Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев осы екі спортшыны қабылдап, құрмет көрсетті. «Инчхон төрінде өткен дүбірлі дода өңіріміз үшін табысты болып жатыр. Соның бір дәлелі де шығар, біз спортшыларымызды қабылдап, абыройымызды асырғандарды құрметке бөлеудеміз. Зульфияға ризамын. Талай сында ел намысын жоғары деңгейде қорғап жүр. Нигораның жүлдесі де біз үшін үлкен қуаныш. Жалпы, соңғы кездері жоғары нәтиже көрсетіп жатқанымыз біз үшін үлкен жетістік. Алдағы уақытта да осы бағыттан таймауымыз керек. Өйткені біздің өңірде спортқа жақсы көңіл бөлініп отыр. Жеңісті жорықтарыңыз көп болсын!» деп ақ тілегін ақтарды Кәрім Нәсбекұлы. Паразиадада топ жарып, әлемдік рекордқа түзету енгізген Зульфияға облыс әкімі бір миллион теңгенің сертификатын табыстаса, Азия ойындарында командалық сында қола жүлдеге қол жеткізген Нигора Нұрматоваға бес жүз мың теңгенің сертификаты берілді. Облыс мерейін асырған спортшылар өз кезектерінде алдағы додаларда да еліміздің байрағын биіктен желбіретуге тырысатындықтарын айтты.
Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен паразиада ойындарында жерлесіміз Зульфия Габидуллина еркін стильде жүзуден елу метр қашықтықта әлем рекордына түзету енгізіп, чемпион атанса, регбиден әйелдер құрамасының сапында Нигора Нұрматова паразиада қоласын тағып қайтқан болатын.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




