Шерхан Мұртазаға арналды
Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай үстел теннисінен аудандық жарыс өтті. Жарысқа ауылдық округтерден келген 16 спортшы қатысты. Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов жарысты салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Спортшылар төрт топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Әр топта жеңімпаз атанған спортшылар жартылай финалға шығуға мүмкіндік алды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Қарасаз ауылдық округінен келген Алғабек Тоқболатов жеңіп алса, екінші орын Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Мұхамед Иргибаевқа бұйырды. Сол секілді жүлделі үшінші орынды Жетітөбе ауылдық округінің тұрғыны Арман Ажибаев және Б.Момышұлы ауылының тұрғыны Оралбек Толықбаев өзара бөлісті.
Жарыс жеңімпаздарына дипломдар мен медальдар табыс етілді.
Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
журналист.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




