«Тобыл» мен «Қызылжар» үшінші кезеңге өтті
Конференция лигасы ойындары аясының екінші кезеңінде еліміздің төрт командасы бақ сынаған болатын. Өкінішке қарай, Алматының «Қайраты» «Кишварда» командасына, «Астана» «Ракув» командасына екі ойынның қорытындысы бойынша жол берді. Ал «Тобыл» өз елдерінде азулы саналатын Сербияның «Линкольн» командасын екі ойында да қапы қалдырса, қызылжарлық «Қызылжар» командасы сырт елдердің үздіктерімен таласып жүрген «Осиек» командасынан шеберліктерін асырып кетті. Енді Қостанай «Тобылы» Мостар қаласының «Зриньски» командасымен, ал «Қызылжар» кипрлік «АПОЭЛ» командасымен бақ сынасады. Бірінші кездесу 4 тамызда сырт алаңда өтсе, еліміздің қос командасы 11 тамызда өз алаңдарында қарымта кездесу өткізеді. «Тобыл» мен «Қызылжарға» сәттілік тілейміз.
Ал еліміздің кубогы жолында тер төгіп жатқан жерлестеріміз «Тараз» кезекті ойынын Ақтөбенің «Ақтөбесімен» тең ойнады. Дегенмен өз тобында алдыңғы орындарда келе жатыр.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




