Денсаулық
eGov mobile қосымшасы арқылы көп жайтты бақылауға болады
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2022
- 188
eGov mobile қосымшасы арқылы көп жайтты бақылауға болады
Елімізде жыл сайын мыңнан астам ақпараттық жүйелер, оның ішінде мемлекеттік органдардың жүйелері хакерлік шабуылдарға ұшырайды. Енді қандай деректер хакерлер мен алаяқтардың қолында екендігі жайлы eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен қадағалауға болады. Қазіргі уақытта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетімен, «Зерде» Холдингі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен бірлесіп, еліміздің азаматтарына eGov mobile қосымшасы арқылы хакерлер мен алаяқтардың қолындағы деректер туралы хабарлау бастамасы пысықталып жатыр.
eGov mobile мобильдік қосымшасындағы пайдаланушының жеке кабинетіне сайттарда оның жеке деректерін заңсыз жинау және жария ету фактілері анықталған кезде хабарлама келетін болады. Іске қосу 2022 жылдың соңына жоспарланып отыр.
– Барлық азаматтар хакерлік топтар, алаяқтар немесе бәсекелестердің жеке деректерді қандай оймен қолданатынын біле бермейді. Біздің мақсатымыз – пайдаланушыларды ықтимал жағымсыз салдардан барынша қауіпсіздендіру және қойылған міндетті бірлесіп шешу үшін eGov mobile қосымшасы арқылы олардың құпия сөздері мен деректерінің жария етілуі туралы хабарлар ету және ескеру», – деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар, деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Коняшкин Ростислав.
Айта кету керек, 2021 жылы «ҰАТ» АҚ қызметтер мен қоcымшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұлттық бағдарламасы Bug Bounty-ға қосылды. Bug Bounty киберқауіпсіздік бойынша тәуелсіз зерттеушілермен ұшу қорытындысы бойынша 10-нан астам елден 50-ге жуық Электрондық үкіметтің (eGov.kz порталы) осалдылығы анықталды және олар «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметкерлерімен жойылды.
Шалқар ЕЛЕМЕС,
Тараз қаласы бойынша №1 Халыққа қызмет
көрсету бөлімінің басшысы
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді