Денсаулық
Бала күтіміне арналған жәрдемақы 1,5 жасқа дейін ұзаруы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2022
- 723
Бала күтіміне арналған жәрдемақы 1,5 жасқа дейін ұзаруы мүмкін
Елімізде бала күтімі үшін төленетін мемлекеттік жәрдемақы 1 жыл емес, 1,5 жыл бойы төленуі мүмкін. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифинг кезінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді. «Біз әлеуметтік кодекс аясында бала күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзартуды ұсынып отырмыз. Қордың қызметі әлеуметтік жәрдемақыны төлеумен ғана шектелмейді. Біз жалпы жүйенің, оның ішінде қаржы тұрақтылығын сақтауға жауаптымыз. Жалпы әлеуметтік міндет – ұзақ мерзімді шаруа. Дегенмен дәл қазір бала күтіміне байланысты жәрдемақыны тағайындау мерзімін ұзартуға қатысты нақты ештеңе айта алмаймын», – деді бас директор.
Нұрсұлу Кемелдің айтуынша, қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Қорытынды шешім көпшілікке жарияланатын болады.
«Сонымен қатар асыраушысынан және еңбек қабілетінен айырылған жағдайда берілетін жәрдемақының да маңызы зор. Бүгінде аталған жәрдемақы түрін 160 мыңнан астам адам алып отыр», – деді ол.
Еске сала кетсек, қазір елімізде 1 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған төлемнің орташа мөлшері – 41 мың теңге.
«Aq jol»-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




