Кәсіп бастауға жаңа мүмкіндік
МЕРКІ АУДАНЫ Қызыл сай ауылында үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану мақсатында семинар өтіп, қатысушыларға бау-бақша өсірудің жаңа технологиялық тәсілі көрсетілді. «Ақ бидай-2» шаруа қожалығының басшысы Нариман Қалқабаев су үнемдеу технологиясының жаңа түрі – пленканың астында бүркекпен ылғал сақтау тәсілі арқылы бақша өнімдерін өсірудің қыр-сырын көрсетті. Кәсіпкер дәл осы әдісті қолданып құлпынай өсірумен айналысқысы келетін азаматтарға көмек көрсетуге әзір. Яғни, кететін шығын мен орташа өнім көлемін есептеп, суару жүйесін орнатып береді. Тыңайтқышты өзі жеткізіп, кеңес беру қызметін де көрсетеді. Жеке кәсіпкер құлпынай өсіру кәсібін бастау үшін бір сотық жерге 73 мың, оны күтіп ұстауға 10 мың теңге қаражат жұмсалатынын, одан кемінде 150 килограмм өнім алуға болатынын есептеп көрсетті. Сонда 1 килограмм өнімді 800 теңгеден саудалағанның өзінде, 120 мың теңге таза пайда табуға болатын көрінеді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді