Темірлан Арзымбетов турнирі басталды
Балалар жылына орай облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Тараз қаласында банк саласының маманы, әуесқой футболшы Темірлан Арзымбетовты еске алуға арналған 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир басталды. 3 тамызға дейін жалғасатын бұл турнирге 8 команда қатысып, бақ сынауда. Аяқдоп аламанында тараздық бірнеше команда бақ сынап, олар алғашқы ойындарын сәтті бастады. Турнирге Арзымбетовтер әулеті және Темірланның қарындасы Әлия Арзымбетова қаржылай демеушілік жасауды көздеп отыр. Іс-шара басталар сәтте Темірлан Арзымбетовтың өмір жолы, еңбегі, жақсы қасиеттері туралы естеліктер айтылды.
– Жан-жақтан келіп жатқан командаларға өте ризамыз. Футболшылар күннің ыстығына, қолайсыз ауа райына қарамай, шеберліктерін көрсетуге тырысып бағуда. Сондықтан жасөспірімдерді құр қол қайтармай, демеушілік жасап, қуантуды ойлап отырмыз. Темірлан ағам футболды жақсы көретін. Жасыл алаңда өзі де жарқылдап ойнап жүруші еді. Сондықтан рухы разы болсын деп осы турнирді дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз, – дейді қарындасы Әлия Арзымбетова.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




