Басың ауырып, балтырың сыздаса, алдымен дәрігерге жүгінесің. Ондайда сенің ажалдан арашалайтын арашашың, дертіңе шипа, тәніңе саулық сыйлайтын жақының – дәрігер. Бұған ешкімнің таласы болмаса керек-ті. Жуырда жүрек ауруымен облыстық ауруханада емделіп шықтым. Алғашында ауруханының жансақтау бөліміне түскенмін. Онда дәрігерлер Талант Анарбаев, Минура Рустанбекова, Расул Адилов, медбикелер Гүлнұр Парманқұлова, Ұлтусын Бубеева, Төре Басқанбаева, Гүлзия Аманбаева аяғынан тік тұрып қызмет көрсетті. Олардың қызметтері нағыз ажалдан арашалаушы деп бағалауға лайық. Кардиология бөліміне ауыстырылғаннан кейін бөлім меңгерушісі И. Әміреқұлова, дәрігерлер Л. Медетова, Г. Сатыбалдиева мен медбикелердің қамқорлығы ерекше болды. Дертке шипа, денге саулық сыйлаған ақ желеңді жандардың сөздерінің өзі ем десем, артық айтқандық емес. Оларға мен ғана емес, сонда емделген науқастардың бәрі риза. «Енді ауырмаңыз» деген шынайы тілекпен шығарып салған сол бір ақ ниетті жандарға алғысым шексіз. Адамдар денсаулығының қырағы күзетінде тұрған денсаулық сақшыларының өздеріне де зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне жеміс тілеймін.
Сейітқапар Маханов, еңбек ардагері.
Ұқсас жаңалықтар
Ауруын анықтау үшін адамнан жымиюды сұраңыз
- 14 маусым, 2025
Бала шыр етіп дүниеге келгенде қатты қуанамын
- 14 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді