Үш жастағы немерем Нұрбектің жаңадан әріптерді танып жүрген кезі. Ең алғашқы үйренген әрпі «Т» болды. Көшедегі жарнама ішінен көрсе болды «Әне, Тұрдалы ата» дейтін. Бірде үйде «Ақ жол» газетін алып отырып, «мынау Тұрдалы ата» деп көрсетті. Сөйтті де, «Г» әрпін көріп, «мынау сынып қалған Тұрдалы ата» деді. Былтыр жазда Нұрбек екеуміз «Зербұлақ» көлінің жағасында демалып отырғанбыз. Бір кезде Нұрбек «Ата ертеде, жер бетінде адамдар болмаған кезде, бірінші адамды кім туды?» деп сұрады. Мен не деп жауап берерімді білмедім. Кешке, Америкада оқу тәжірибесімен жүрген анасымен «скайп» арқылы сөйлесіп, Нұрбектің сұрағына жауап бере алмағанымды айттым. Ол баласына түсіндіре бастады: «Дарвинизм деген ілім бойынша адамдар маймылдан жаратылған» деп бастап еді, «Мама, маған маймылдан жаратылған ұнамайды, мамадан туған ұнайды» деді.
Тұрдалы Күреңкеев, ТИГУ-дың профессоры.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




