Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде жарық көрген «Қиянаттың үлкен-кішісі болмайды» атты мақаланы оқыған әр оқырман одан үлкен ой түйе білді деп есептеймін. Мақалада жала жабу, өсек-аяң айту, жалған ғайбаттау және басқа да жағымсыз әрекеттерден түбі опық жеген адамдар туралы әңгіме қозғалыпты. Ал, шыншыл, әділ жандардың жұртқа жақсылық жасауы өзіне де, ұрпағына да пайдасы тиетіні дәлелді оқиғалармен жазылғаны көңілімізден шықты. Мақаланың кіріспесінде «жала жабу, кісі ақысын жеу, адам өлтіру, басқа да қиянат түрлерін жасаушылар оның ащы «жемісін» өзі немесе ұрпағы көреді» деген жолдар бар. Осыған орай, мен де өмірде болған, өзім көрген жайтты айтқанды жөн көрдім. Осыдан 20 жыл бұрын Қызылорда облысында қасақана адам өлтірген азамат сот процесінде «мен адам өлтірген жоқпын» деп, ақыр-аяғында бостандыққа шығады. Бір үйдің жалғыз баласы әрі асыраушысы қаныпезердің қолынан қаза тауып, осы қайғы-қасіретке шыдамаған ата-анасы көпке ұзамай қайтыс болды. Сөйтіп бір отбасының түтіні өшті. Марқұм баланың жаназасын шығарғанда ауыл имамы «қылмыскер өмірден өткенде жаназасы шығарылмасын» деп үкім айтты. Мақалада жазылған «кімге қастандық жасасаң, ол айналып өзіңді табады» дегендей, аз уақыт ішінде адам өлтірген қаныпезердің баласы төбелестің салдарынан қаза тапты. Міне, «не істесең, алдыңа сол қайтып келеді» деген осы шығар. Сондықтан да әрбір мұсылман баласы қиянатқа аяқ баспай, тәубесін ұмытпаса екен деймін.
Кенжебай Өмірбеков, облыс әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы «Достық үйі» мекемесінің бөлім басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Дәрігерлерге қамқорлық артады
- 7 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді