Денсаулық
E-gov Mobile қосымшасына кіру биометрия арқылы қолжетімді
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2022
- 535
E-gov Mobile қосымшасына кіру биометрия арқылы қолжетімді
Енді eGov mobile қосымшасында авторизациядан өту оңайырақ болды. Ол үшін Digital ID бейне идентификациясынан өтіп, ЭЦҚ кілттерін алу керек. Айта кету керек, бұрын қосымшаға кіру қысқа SMS коды немесе ЭЦҚ кілттері арқылы жүзеге асырылды. Енді кіру тек биометрия арқылы жүзеге асырылатын болады.
EGov Mobile қосымшасында биометрияны пайдалану мынадай мүмкіндіктер береді:
- қосымша функционалды мүмкіндіктер, оның ішінде Face ID, саусақ ізі немесе қысқа код арқылы қосымшаға кейіннен кіру (смартфонға және ондағы параметрлерге байланысты);
- Push-хабарламаларды алу мүмкіндігі;
- E-otinish платформасы арқылы сұраныстарды жіберу және т.б.;
- мемлекеттік қызмет көрсету тарихында, егер процесті аяқтауға уақыт болмаса, қызметті алуды жалғастыру мүмкін болады;
- жеке деректерді неғұрлым сенімді қорғау.
- ішкі рейстерге арналған елдің әуежайларында;
- теміржол вокзалдарында вагондарға отырғызу және «ҚТЖ» АҚ билеттерін сатып алу кезінде;
- «Отбасы банк» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ филиалдарында;
- Beeline ұялы байланыс операторының бөлімшелерінде;
- екінші деңгейлі банктерде (Kaspi.kz, Halyk Bank қызметтерін алу кезінде);
- «Freedom finance» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ кеңселерінде;
- «Қазпошта» АҚ пошталық сәлемдемелерді қабылдау және жөнелту, кассалық операцияларды қолдану кезінде;
- халыққа қызмет көрсету орталықтарында (көші-қон қызметін қоспағанда) мемлекеттік қызметтерді алу кезінде;
Шалқар ЕЛЕМЕС,
Тараз қаласы бойынша №1 халыққа
қызмет көрсету бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




