Библиотакси сұрақтарымен қызықтырды
Д. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы және «2022 жыл – Балалар жылы» аясында қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Əуезовтің 125 жылдығына орай библиотакси ұйымдастырылды. Іс-шараға байланысты Тараз қаласының Абай даңғылы және Қонаев көшесімен шараға безендірілген такси жолға шықты. Алғаш Абай даңғылына түскен библиотаксиге алғашқы жолаушы болып «Алтай» волейбол клубының спортшысы Аяжан Амангелдиева Абай және Ташкент көшелерінің қиылысынан мініп, ойынымызға қатысты. Қонаев көшесінен №125 Education орта мектебінің 11-сынып оқушысы Айым Қайратқызы есімді жолаушы отырды. Библиотаксиді инновациялық- әдістемелік бөлімінің кітапханашылары жүргізіп, аталған шараның ережесімен жолаушыны таныстырды.
Библиотакси екі кезеңнен тұрды. «Ойлан,тап» 1 минутта бір сұрақ берілді. Қойылған сұрақтар Мұхтар Әуезовтің шығармаларынан тұрды. Сұрақтың бірнеше жауабына жолаушы қызыға жауап берді. «Бала Мұхтардан дана Мұхтарға дейін» викториналық тренингте, жолаушыларға ұлы жазушының өміріне, отбасылық туыстарына қатысты сұрақтар қойылды, жеңілдік ретінде «Досыңа қоңырау шал» көмегі де ұсынылды. Жолаушылар өздерінің алғырлықтарын көрсетіп, М. Мақатаев, А. Құнанбаев және М. Әуезовтің кітаптарын сыйға алып, баратын бағытына тегін жетті.
Жас ұрпақтың оқу мәдениетін дамытып, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шара көпшілікке ұнап, жолаушылар алғыстарын білдірді.
Толқын КҮЗЕНОВА,
Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер
кітапханасы инновациялық-әдістемелік
бөлімінің меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




