«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Президент пәтер сыйлаған бала

Президент пәтер сыйлаған бала
ашық дереккөз
Президент пәтер сыйлаған бала

біздің өңірдің миллионыншы тұрғыны (қаз-қалпында)

– Алло, бұл Нұрбол Түстікбаевтың телефон нөмірі ме?

–Иә. – Ата-анаң үйде ме? – Олар үйде емес. Жұмысқа кеткен еді. – Балақай, онда былай. Сендердің үйде 2005 жылы туылған бала бар ма? –Иә, бар. Ол мен ғой,– деді балақай. «Іздегенге сұраған» деген осы. Данияр Әсемқұл есімді Жамбыл облысының миллионыншы тұрғынымен осылай танысып алдық. Өзі үшінші сыныпта оқып жүр екен. Бір кезде: –Анаң қайда жұмыс істейді?– деп сұрадым. – Жамбыл политехникалық колледжінде. – Қалай сонда? Сендер Т.Рысқұлов ауданында тұрады емессіңдер ме? –Жоқ, аға, ол былай ғой. Бізге Президент осы Тараз қаласынан үй берді. Сосын осында көшіп келдік, – деді Данияр. Мұны естігенде шыны керек, қуанып кеттім. Даниярдың отбасымен жолығуға асықтық. Анасы Шолпан Құрманбекова физика пәнінің маманы екен. «Миллионыншы тұрғынның анасы атанамын» деген ой мүлде болған жоқ» деп риясыз күліп алды. – 2005 жылдың 23 қыркүйегінде Даниярды босандым. Арада үш ай уақыт өткенде аудандық әкімдіктің қызметкерлері келіп, маған «Сіздің балаңыз Жамбыл облысының миллионыншы тұрғыны атанды» деген сүйінші хабарды жеткізді. Облыс басшылығы осыған орай сіздерді құттықтауға келеді деп ескертті. Бұлай болады деп кім ойлаған? Тура сол жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің орынбасары арнайы құттықтап келіп, бізге Тараз қаласынан үш бөлмелі пәтердің кілті мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық тапсырды. Қуанышымызда шек болған жоқ, – дейді Шолпан Құрманбекова. Миллионыншы тұрғын – Данияр Әсемқұл бүгінде қаладағы №53 орта мектептің 3 «Д» сыныбында білім алып жүр. Білімге деген құштарлығы басым. Оны мектебіне барғанымызда ұстаздары айтты. «Данияр – өте алғыр бала. Оқу үлгерімі жақсы. Айтылған мәліметті тез ұғып алады. Мәнерлеп оқуы да керемет. Оны ылғи да өзіне айтып отырамын, – дейді сынып жетекшісі Марал Әбдіқадірова. Данияр – отбасындағы екінші перзент. Перизат есімді әпкесі, Мерейдей қарындасы бар. Біз оған «Тәуелсіз еліміздің көк байрағын көкке көтеретін азамат бол!» деп тілек білдірдік.

Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар