Қазба жұмыстары жүргізілді
Тарихы терең Меркі жері сонау ықылым замандардан бергі бар құпияның куәгері іспетті. Тарих тақталарында Меркімен қатар тарихи Аспара қалашығының атауы да қатар аталады. Тарихи деректерде тасқамал бекініс ретінде суреттелген қаланың бүгінде тек төбешік болып орны ғана қалған десек, сол көмілген төбешіктің астында талай өркениет пен мәдениеттің жатқаны анық. Жақында «Аспара және шаруашылық қалашықтарындағы ХІІІ- ХV ғасырлардағы кейінгі ортағасырлық мәдениет» жобасының аясында Ә.Марғұлан атындағы археология институтының «Шу- Талас» археологиялық жасағы осында қазба жұмыстарын жүргізді.
Қалашық орнынан Х-ХІV ғасырларға тән өрнектелген плиталар, жебе ұштары, күміс пен қоладан жасалған, әр ғасырларға тән Қытай және Самарқанд, Қарахан, Әмір Темір, Шағатай монеталары және көк глазурьмен боялған тастар табылды. Жәдігерлердің ішінде ең ерекшесі – VІІІ ғасырда өмір сүрген Түркештердің ерлері таққан мыс сырға мен белдіктің ұшы болды. Археологиялық жасақ жетекшісі А.Рогожинский бұл жәдігерлердің дәл осы жерден табылуы Аспара қалашығының монғол шапқыншылығына дейін де өмір сүрген үлкен қалалардың бірі екенінің айқын дәлелі дейді. Қалашық орнынан Қарахан дәуіріндегі және монғол шапқыншылығына дейінгі көптеген керамикалық бұйымдар табылды.
«Aq jol»-Аqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді