
Еріктілер кинология орталығында
«LIDER.KZ» іздеу қозғалысының еріктілері облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында экскурсияда болды. Іс-шараны полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Волонтерлар нұсқаушы-кинологтармен, қызметтік иттермен танысып, кинологиялық қызмет орталығының жұмысына жан-жақты баға берді. Олар құқық қорғау органдарының төрт аяқты көмекшілерінің көрсетілімдерін тамашалады. Көрсетілім барысында есірткіні алмастыратын арнайы ұнтақтар қолданылды.
Криминалистикалық одорологияға (одорология– иістер туралы ғылым) мамандандырылған «Лоя» және «Бава» атты қызметтік иттер есірткі іздеу бойынша өз дағдыларын көрсетті. Ал полиция қызметкерлері белсенді азаматтарға «Есірткісіз болашақ» тақырыбында дәріс өткізді.
– Иттер адамдарға пайдалы көптеген функцияларды орындай алады. Олар қылмыстарды ашуда және тергеуде қажет. Бұл иттердің әрқайсысының есебінде ұсталған қаскүнемдер, ашылған қылмыстар, табылған есірткі немесе жарылғыш заттар бар, – деп атап өтті облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асқар Жұмабеков.
Маржан КӘРІМЖАНҚЫЗЫ
Ұқсас жаңалықтар
Эндометриозды емдеудің жолы қандай?
- 22 шілде, 2025
Ауруды асқындырмай, алдын алған маңызды
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді