Денсаулық
Жамбыл облысының елді мекендерінде үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2022
- 318
Жамбыл облысының елді мекендерінде үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы Жамбыл облысында жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 20 мамырдағы «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 168 бұйрығына сәйкес әзірленді және Жамбыл облысында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің тәртібін белгілейді.
- Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
- Үй жануарларын ұстау жөніндегі талаптарға мыналар жатады:
- Үй жануарының иесі және жауапты адамы алаңдаушылық туғызуға, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді.
- Үй жануарларын төмендегідей орындарда ұстауға рұқсат етілмейді:
- Үй жануарларының иесі және жауапты адам тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың, оның ішінде кондоминиум объектілерінің, қоғамдық орындардың үй жануарларымен ластануына, қоршаған ортаға зиян келтіруіне жол берілмейді.
- Бірнеше отбасы тұратын тұрғынжайда (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй) үй жануарларын ұстау медициналық қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, барлық тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен жүзеге асырылады.
- Бау-бақша, саяжай кооперативтерінің, демалыс үйлерінің аумақтарында санитариялық-гигиеналық ережелердің талаптарын сақтай отырып, үй жануарларын ұстауға жол беріледі.
- Үй жануарлары бар адамдардың жатақханалар мен қонақ үйлерде уақытша болуына Қазақстан Республикасы заңнамасының санитариялық-гигиеналық және өзге де талаптарын сақтай отырып, жатақханалар мен қонақ үйлерде белгіленген ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес көрсетілген ұйымдардың келісімімен жол беріледі.
- Үй жануарларын қараусыз қалдыруға жол берілмейді. Қарау мүмкін болмаған жағдайда үй жануарының иесі немесе жауапты тұлға:
- Үй жануарын одан әрі ұстау мүмкін болмаған жағдайда жануар иесі және жауапты адам үй жануарын одан әрі орналастыруға шаралар қабылдайды.
- Иттерді өздігінен серуендеуін және адамдар мен жануарларға шабуыл жасауды болдырмайтын жағдайларда ұсталады. Мұндай жағдайлар болмаған жағдайда ит байлануы немесе үйшікте болады.
- Үй жануарларын серуендету адамдардың, басқа жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың мүлкіне үй жануарларының зиян келтіруден қорғау талабымен жүзеге асырылады.
- Үй жануарларының иесі және жауапты адам қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары белгілеген тәртіппен үй жануарларын серуендету ережелерін сақтайды.
- Үй жануарларын серуендету кезінде иелері және жауапты адам келесі талаптарды сақтайды:
- Иттермен қорғалатын бекітілген аумақтары бар иелер иттерді өздерінің базаларында, қоймаларында, өндірістік үй-жайларында тек түнгі уақытта және қоршалған аумақта еркін серуендетеді. Күндізгі уақытта иттер байлауда немесе үйшікте болады.
- Елді мекен аумағында:
- Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды облыстың жергілікті атқарушы органдары жабдықтайды.
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді