«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кәсіпкерліктің дамуына жол ашты

Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кәсіпкерліктің дамуына жол ашты
ашық дереккөз
Мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кәсіпкерліктің дамуына жол ашты
Аймақта орналасқан Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің негізгі атқаратын қызметі – республикалық мемлекеттік мүлікті тиімді басқару. Оның бір бағыты – бос пайдаланбай тұрған мүлікті жалға беру. Департамент бұл талапты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру» Қағидасына сәйкес жүзеге асырып келеді. Аталған қағиданың 7-тармағына сәйкес, республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар теңгерімдегі мүлік (үй -жайлар, құрал-жабдықтар) босаған (пайдаланбай тұрған) жағдайда жоғарыдағы департаментке бос алаң жайлы мәлімет беруі міндетті. Теңгерім ұстаушының берілген мәліметтің негізінде департамент 5 жұмыс күнінің ішінде gosreestr.kz сайтына тиісті мәліметтерді енгізіп, мүлікті жалға беру туралы хабарлама жариялайды. Жалға алушылар осы портал арқылы электронды түрде өтінім бере алады. Егер, бір өтінім түскен жағдайда мүлікті жалға беру шарты тікелей өтінім берушімен электронды түрде жасалады. Ал 2 немесе одан көп өтінім түскен жағдайда мүлік жалға тендер арқылы беріледі. Тендерде ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады. Ірі және орта бизнес субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға республикалық меншіктегі мүлікті жалға беру бойынша ағымдағы жылдың басында 44 шарт қолданыста болған. Бірінші жартыжылдықта 15 шарт жасалынды, мерзімі аяқталғаны – 6 шарт, жалға алушының өтініші негізінде мерзімінен бұрын бұзылғаны – 10, бүгінгі таңда мүлікті жалға беру бойынша қолданыстағы шарттардың саны 43-ті құраған, оның жалпы ауданы 2746,5 шаршыметр алаңды алып отыр. Осы мүліктерді жалға беруден 28 453,5 мың теңге бюджетке түскен, өткен кезеңмен салыстырғанда 235,8 пайызға жоғарылаған (өткен жылы 12 066,8 мың теңге жалдық төлем түскен), ал берілген болжам бойынша (2022 жылғы 1-ші жартыжылдықта жалдау ақысынан түсетін сома – 28 000,0 мың теңге күтілген) болжамның орындалуы 101,6 пайызды құрады. Департаменттің тағы бір негізгі жұмыс бағыттарының бірі – республикалық мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру. Бұл ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидасына сәйкес, жүзеге асырылады. Қағидаға сәйкес, сенімгерлік басқаруға берілетін объектілер – мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ өзге мемлекеттік мүлік болып табылады. Сенімгерлік басқаруға берілетін объектілер, объектіні кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру тендер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ тендер өткізбей сенімгерлік басқаруға берілетін объектілер де бар. Оның тізімі Қағиданың 5-тармағымен бекітілген. Оның ішінде сенімгерлік басқаруға кейіннен сатып алу құқығынсыз берілетін объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге бергенге дейін; газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілері, стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттері (қатысу үлестерін), қылмыстық-атқару жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының балансына бекітілген объектілері және т.б. Мекемеде 2022 жылдың басында – 22 сенімгерлік басқаруға беру шарттары қолданыста болған. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 10 шарт жасалды, аяқталғаны – 3 шарт, бұзылғаны – 1 шарт. 2022 жылдың 1 шілдесіне сенімгерлік басқаруға беру бойынша қолданыстағы шарттардың саны 28-ді құрады. Осы сенімгерлік басқаруға берілген нысандарда 535 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылып, оларға 45 045,8 мың теңге жалақы төленген. Жазасын өтеп жатқан азаматтар 131 495 мың теңгенің өнімін өндірген. Атап айтсақ, олардың қолынан 14790 астау, бас табақ, мангал, ас үй жиынтығы, нарды, кеме, барбекю, домбыра, шахмат үстелі, кәдесый, киім ілгіш, пиала, сағат бұйымдары жасалған. Осы мүліктерді сенімгерлік басқаруға беруден жеке кәсіпкерлердің таза табысының 50 пайызы – 857,8 мың теңге бюджетке түскен. Бұдан бөлек, 2 нысан өңірімізде орналасқан жалпы ұзындығы 484,68 шақырымды құрайтын жоғары, орташа және төмен қысымдағы газ құбырлары «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-на сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген. Орта және кіші кәсіпкерлікті қолдау мақсатында республикалық мүлікті сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғасын табатын болады.  

Айсұлу ТҰРСЫНОВА,

Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің заңды тұлғалармен жұмыс

және мүлікті иелену бөлімінің

бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар