Қазақстанда электр энергиясын автоматты түрде есептейтін құралдар жасалады
- author «Ақ жол»
- 27 қазан, 2014
- 827
Қазақстандық мамандар электр энергиясын есептеу кезінде автоматы түрде жұмыс істейтін есептеуіш құралдар жасап шығаруды ойластырып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Interactive World Kazakshtan компаниясының директоры Эдгар Хачатрян айтты.
Автоматты жүйе абонетке электр шығынын өздігімен есептеуге мүмкіндік береді. Бұл есептеуіш құралдарды күнделікті есепті білу үшін де пайдалануға болады. Барлық ақпараттар базада сақталады. Есептеуіш құралдың бетінде әдеттегі есептеуіш құралдардағыдай сандар көрініп тұрмайды. Оны пайдалану үшін арнайы карта қажет.
Хачатрян бұл технология арқылы жарықты пайдалануға қатысты деректер бірден энергия өткізгіш компанияға келіп түсетінін айтуда.
Сондай-ақ автоматты есептеуіш құрал жарықты жеткізушілерге жарым-жартылай жарықты өшіруге де мүмкіндік береді. Мысалы, жарыққа қарызданушылардың пәтерінде жарықтың өзі сөндіріліп, тек ток көзін пайдалануға ғана рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдіс осылайша ұтымдылығын көрсетеді.
Хачатрян әзірге аталмыш құрылғыны кеңінен пайдалану Қазақстанда үйлестірмеуінін, олардың әлемдік нарықтағы бағасы 50 доллар тұратынын алға тартуда. Ал құрастырушылардың айтуынша, қазақстандық есептеуіш құралдың құны шамамен 15-17 доллар болады. Есептеуіш құралға қажетті чиптер мен бағдарламалық орнатулар Қазақстанда жасалады. Қазір жобаның авторлары аталмыш технологияны Алматыда енгізу жөнінде келісімдер жүргізіп жатыр.
Ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мүмкіндігі шектеулі жандарға тұрақты жұмыс табыла ма?
- 13 сәуір, 2026
Балаңыз үшін қай банктен депозит ашқан дұрыс?
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




