Денсаулық
Қырық рет қан тапсырғанға қандай құрмет көрсетілуі керек?
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2022
- 224
Қырық рет қан тапсырғанға қандай құрмет көрсетілуі керек?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен «Донорлар күні» 2005 жылдан бастап 14 маусым болып белгіленді. Донор өз қанын беру арқылы өлім аузында жатқан адамға екінші өмір сыйлай алатын құрметке лайық адам. Сонымен қатар бұл адамдардың қан тобын ашқан австриялық дәрігер, иммунолог, Нобельдік сыйлықтың лауреаты, медицина саласында елеулі серпіліс жасап, миллиондаған пациенттерге көмектесіп, олардың өмірін ұзартқан Карл Ландштейнердің өмірге келген күні. Бұл мерекелік іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтіп келеді. Биыл мереке Мексика астанасы Мехикода «Қан донорлығы – ынтымастық актісі. Донор бол және өмір сақта» деген ұранмен өткелі жатыр. Бүгінгі таңда елімізде 18 жастан асқан кез келген дені сау, медициналық тексерістен өткен адам медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті донор бола алады. Донор болу үшін оның салмағы 50 килограмнан төмен болмауы, артериялық қысымы 100/60-тан 160/90 мм аралығында, тамыр соғысының жиілігі минутына 50-100 соғыстан аспауы керек. Оған қойылатын талап, донорлыққа ниет білдіргендер бұрыннан бар аурулары, есірткі заттары, психотроптық заттар және прекурсорларды пайдалану туралы мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті.
Донорларды қабылдау қан орталықтарында азаматтарды жеке куәлік, әскери қызметтегілерді әскери билеттері бойынша жүзеге асырылады. Қан тапсырғанға дейін майлы, ащы, сүт өнімдерінен жасалған тағамдарды қолдануға болмайды. Донор қанды аш қарынға тапсырмауы керек. Кешкілікте 6-7 сағат ұйықтар алдында кешкі асты ішкен жөн, ал қан тапсыратын күні жеңіл таңғы аспен шектелу қажет. Қан тапсырар алдында және тапсырған күні алкоголь ішімдіктерін пайдалануға тыйым салынады.
Облыста донорларды қабылдап олардан қан өнімдерін дайындау тек бір ғана мекемеде, атап айтқанда, облыстық қан орталығында жүзеге асырылады. Қан орталығы Қазақстан мемлекетінің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында пайдалануға берілген ғимаратта орналасып, онда дүниежүзінің ең дамыған 18 мемлекетінде, оның ішінде АҚШ,Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея, Канада, Германия және тағы басқа елдердегі соңғы үлгідегі медициналық құрал- жабдықтармен қамтылған. Донорлардан қан алу процедуралары тек бір рет қана қолданатын материалдармен жүргізіледі, бұл донорларды және медицина қызметкерлерін жұқпалы аурулардан толықтай сақтауға қол жеткізді. Сонымен қатар дайындалған қан өнімдері зертханаларда жабық түрдегі анализаторларда қан арқылы таралатын жұқпалы аурулардың макерлеріне толықтай тексеріледі.
Донорлардың денсаулығын қорғау мақсатында қан тапсырғаннан соң болатын әртүрлі жағдайларды жеңілдету үшін ақысыз медициналық көмек беру біздің елде заңды түрде белгіленген. Қанын тапсырған әрбір донорға 0,25 айлық есептеу көрсеткіштен 2 АЕК мөлшерінде қаржылық өтемақы төленеді. Сонымен қатар қан тапсырған күні олардың орташа жалақысы сақталатын болып жұмыстарынан босатылады, бір күндік демалыс, болмаса өзінің қалауымен жылдық демалыс мерзіміне бір күн қосып алуына мүмкіндік беріледі.
Елімізде 40 рет қан, 60 рет плазмасын тапсырған донорлар «Қазақстан Республикасы Д енс аулық ісіне қо сқан үле сі үшін» төсбелгісімен марапатталады. Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің қарауына қан тапсырған донорларға қосымша әлеуметтік жәрдемақы ретінде: қалалық жердегі көлікте ақысыз жүру, жұмыс берушілерге сауықтыру орындарына алғашқылардың бірі ретінде жолдама беру, қан тапсырғаннан соң донорларға 1 АЕК көлемінде ақы төлеу және тағы басқа қосымша көмек жәрдем берулерді сұрап ұсыныс жасадық.
Қазіргі таңда облыста 15 мыңға жуық донор тұрақты түрде өз қанын беріп адамдар өміріне араша болуда. Донорлар атына арнайы түсіп жатқан мыңдаған адамдардың ризашылығы – әрбір қан тапсырушыға деген олардың күнделікті өмірінің бекер өтіп жатпағанының дәлелі.
Бақберді КЕЗЕМБАЕВ,
қан қызметінің ардагері.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді