«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әр парағынан Асқаровпенен, Қонаев қарап тұрғандай!

Әр парағынан Асқаровпенен, Қонаев қарап тұрғандай!
ашық дереккөз
Әр парағынан Асқаровпенен, Қонаев қарап тұрғандай!
Әр парағынан Асқаровпенен, Қонаев қарап тұрғандай! Кім айтар енді мен айтпағанда, Ғасырыңның әр шер, ойын. Кім айтар бұлай сен айтпағанда, Бақытқа мұқтаж ел жайын?!   Көңілдің қозғар көне сарынын, Тарихың – ауыр қазынам. Пешенесіндей Кенесарының, Кесілген басқа жазылған.   Жарқ етіп ердің шарпи намысын, Әр таңнан бұрын оянған. Әділдік, шындық, ақиқат үшін – Төгілген қанмен боялған.   Ел тағдырындай сенің тарихың, Салмақтап салар түзді еске. Кез келген ұрпақ тегін танитын, Жүз көктеміңмен жүздессе.   Айқара ашсаң ақтарып терең, Құшағы әппақ шыңдардай. Әр парағынан Асқаровпенен, Қонаев қарап тұрғандай!   Уақыт көрсеткен заман түрленіп, Аруға сырлас, досы ердің. Сарғайған ол ма сары алтын болып, Сағынышы ма осы елдің.   Әппақ жолындай асқақ әлемнің, Әппақ болған соң үміт бар. Жүз қабатыңды жастанар едім, Жамылып жатыр рухтар!   Көзінде бақыт, мұң қабағында, Болашақ күтіп тұр алдан. Бір ғасыр тұрмақ, бір парағында – Мың үміт пенен мың арман.   Өнеге болып жаңғырған елге, Өсиет өріп жалғасқан. Жүз жыл жырлаған Жамбылдан кем бе, Жүз жыл қайралған алдаспан?!   Алдайтын заман – қауіпті уайым, Сатқындық бізді мұңайтар. Шырылдап сонда халықтың жайын, Сен айтпағанда, Кім айтар?!   Өмірдің жазы да сен, қысы да сен, Әйтпесе саған мойын ұсынбас ем! Өмірдің өзі де сен, ажал да сен, Өлең де, тарих та сен жазам десем!   Мендегі бар да сенсің, жоқ та сенсің, Әйтпесе уақыт бұлай жортпас еркін. Мендегі жауап та сен, сұрақ та сен, Қыл көпір, Тозақ та өзің, Жұмақ та сен!   Ауам сен көрінбейтін жай ғана, Әйтпесе сенбес едім Құдайға да! Тағдырдың нұры да сен, түнегі де, Мәңгілік майдан ашқан жүрегіме!   Өзіңсің батқан кешім, атқан таңым, Шығарған пенделіктің тас-талқанын! Мендегі шыдамсыздық, сабыр да сен, Әйтпесе мың жыл күтіп, жарылмас ем!   Мендегі күнә да сен, пәктік те өзің, Алғашқы һәм аяулы ақтық сөзім! Күйініш, сүйініш те, уайым да сен, Сен үшін ештеңеден тайынбас ем!   Қолын бір-ақ сілтеген бар қызыққа, Өзіңсің мендегі ұлы жалғыздық та! Дүниеде о басында сен бар дедім, Әйтпесе өмір сүріп нем бар менің?!

Нұржан Қадірәлі

Ұқсас жаңалықтар