Жамбыл жерінде – «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі
Дина Нүрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі жанынан 2017 жылы құрылған «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблінің «Көшпенділер рухы» атты концерттік бағдарламасы «Баласағұн» орталық концерт залында жоғары деңгейде өтті. Жамбыл жеріне алғаш рет өнер сапарымен табан тіреген бұл ұжым әулиеаталықтарды әсем ән мен тәтті күйге бөледі. Кеш барысында ансамбль жетекшісі, «Алаш ұстазы» төсбелгісінің иегері, Президенттің Құрмет грамотасының иегері, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры Сыйлығының лауреаты, мульти- инструменталист, композитор Бауыржан Ақтаевқа К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның Алғыс хаты мен гүл шоқтары, естелік сыйлықтары тарту етілді. Өз кезегінде атыраулықтар концерттің өтуіне қолдау танытқан облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбайға алғыстарын жеткізді.
Айта кетейік, Бауыржан Ақтаев негізін қалаған ансамбль мүшелері қазақтың рухты ән-күйлерін және әуендерін заманауи, этно-джаз стилінде ғажайып орындайды. Ансамбль құрамында жетіген, адырна, шаңқобыз, сыбызғы, саз-сырнай секілді қазақтың байырғы, қолданылмай кеткен, ұмытылып қалған аспаптары бар. Бүгінде бұл музыкалық ұжымның өзіндік стилі, сипаты, үні қалыптасып үлгерген. Ансамбльдің құрамында 14 адам өнер көрсетеді.
«Aq jol»-Aqparat»
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




