Ақынмен қалай таныстым?
Республикамызға белгілі ақын Күләш Ахметованың шығармашылығымен жақын таныспын. Ол кісімен алғашқы кездесуім 11 жасымда болған еді. Ол таныстығымыз менің тырнақалды туындым «Үкілі қыз» атты өлеңдер жинағымның жарық көруімен басталған болатын. Ақын апамның үйіне өлеңдерімді көрсетуге бардым. Ол кісі мені бірден жылы қарсы алды. Сыңғырлаған сазды үні адамды бірден еліктіріп, баурап әкетеді екен. Көз қарастарынан тік мінезді адам екенін байқадым. Бірнеше өлеңімді мәнерлеп оқып бердім. Күләш апа менің өлеңімді талдай отырып, оң бағасын берді. Сөйтіп, тұңғыш жинағымның алғашқы бетіне ыстық лебізін жазып та берген болатын.
16 жасқа толған сәтте Күләш апаның ақ батасын алуға арнайы бардым. Мені Күләш апаның жұбайы ақын Қайырбек Асанов қарсы алды. Сөйтіп өнерлі, өнегелі отбасының өмірімен кеңірек танысуға мүмкіндік алған едім. Күләш апаның бойындағы асыл қасиеттер мені жігерлендіріп қана қоймай, ақындығымды шыңдай түскендей әсер етті. Ақ батасын берген ақын апам наурыз мерекесі қарсаңында көзімдей көріп жүр деп, қазақы ою-өрнек түскен камзолын сыйға тартты.
Күләш апаның 75 жылдығына өлең арнадым. Ол ақын апама ұнады. Күләш апамен кездескен әрбір кездесуімнің мазмұндық мәні бар. Ол кездесулерден менің ой өрісім кеңейе түскендей. Соның біріндегі кездесуімде Күләш апамен сұхбат жүргізген болатынмын. Себебі
Халықаралық кинофестивальға қатысып, режиссерлік бағытта документалды фильм түсірдім. Ол деректі фильм Күләш апаның шығармашылығы мен өмір жолына арналған еді.
Түсірілім барысында ақынның туған жері Талас ауданындағы Үшарал ауылында да болдық. Ауылдың тарихы 1930 жылдан бастау алады екен. Ол ауылдан 13 Социалистік Еңбек Ері шығыпты. Күләш апаның оқыған мектебіне бардым. Қазіргі таңда ол мектеп Әбдір Сағынтаев атында екен. Мектеп оқушылары «Сәлеметсізбе?» деп мені аман-саулықпен қарсы алды. Бұл ауыл балаларының әдеп пен инабаттылығын ата-ана көрсетті.
Күләш апа оқыған мектеппен танысқан соң оның інісімен кездестім. Бірден Күләш апаның балалық шағы туралы сұрай бастадым. «Үйге жүріңдер», деп қонаққа шақырды. Сөз арасында әпкесінің сондай қамқор екендігін тілге тиек етті.
Күләш апаға Үшаралға барып қайтқанымды айттым. Өзі де туған жері туралы тебірене айтып берді. Сұхбат барысында ол 10 жасында қолына қалам ұстап, өлең шығарып жаза бастағанын айтты. Ал ақындық қасиет айтыскер әжесінен дарыпты. Әжесінің тәлім-тәрбиесін алған балдырғанның арманы – жазушы, ақын, журналист болу еді. Міне, бала күнгі Күләштің арманы бүгінгі таңда орындалған. Сөз соңында Күләш Ахметова: «Ұрпаққа айтарым, Қазақстан даласы кең, әлемде 9-орын алады. Сол жердің бір сүйемін де жауына бермей, қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, ұрпағымыз өзі ие болсын. Жат жұрттық, қас дұшпан, жерімізді таптап жүрмейтін болсын! Қазақ еліне бір ғажайып дәуір келеді, сол дәуір ұзағынан болсын!» деп еліне деген ақ тілегін білдірді.
Нұршахризада САЛИМОВА,
№54 мектептің оқушысы.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді