«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды

Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды
ашық дереккөз
Тоқаев Орталық Азия елдерін күш біріктіруге шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерін мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты бұзу әрекеттеріне қарсы күресте күш біріктіруге шақырды. Президенттің айтуынша, бүкіл аймаққа зиян келтіретін ақпараттық кеңістіктегі жағымсыз құбылыстардың алдын алу үшін күш-жігер біріктірген жөн. "Мемлекетаралық және этносаралық араздықты қоздыру арқылы елдерімізді алалауға және қарым-қатынастарымызға сызат түсіруге бағытталған кез келген әрекетке төтеп беру үшін бірігуіміз қажет", - деді Тоқаев мемлекет басшыларының IV консультативтік кеңесінде.
Өкінішке қарай, әлі күнге дейін бұқаралық ақпарат құралдары аймақ елдерінде болып жатқан оқиғалар туралы жаңалық тарату жағынан ақсап тұрғаны байқалады. "Мүмкіндігінше, бұл үрдісті өзгерту керек. Бәлкім, бүкілаймақтық телеарна немесе ақпараттық интернет-сайтын ашқан жөн болар. Осы мәселелерді егжей-тегжейлі пысықтау үшін Орталық Азияның салалық мекемелері мен ақпараттық агенттіктері басшыларының жиынын тұрақты түрде өткізіп отыру пайдалы болмақ", - деп қосты Қазақстан Президенті.

Ұқсас жаңалықтар