Тәуелсіздік құрдастары футбол өткізді
Байзақ ауданы, Ынтымақ ауылдық округінде 1991 жылы туған азаматтардың және жеке кәсіпкер Асхат Жексенбиевтің демеушілігімен кіші футболдан ашық турнир өткізілді. Бұл турнирге Тараз қаласы және Жамбыл аудандары да қатысып, жалпы 14 команда бақ сынады. Ауыл тұрғындарын сергек жүруге шақыратын мұндай жарыстың мәні өте зор. Аса тартысты өткен ойында байзақтық командалар намысты қолдан бермеді. Атап айтқанда, Сарыкемердегі №9 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы чемпион атанды.
Олар финалда Мәдімар ауылының құрамасын ұтты. Ал үшінші орынды Тараз қаласындағы №12 мектеп-гимназиясы иеленді. Олар қола жүлде үшін тартысты ойында «Тәуелсіздік құрдастары» құрама командасын ұтты. Жеңімпаз және жүлдегер командалар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




