Мемлекеттік қызметшілер спортта да мықты
Қызылжар қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында республикалық спартакиада өткен болатын. Осы спорттың 7 түрі қамтылған жарыста жамбылдық құрама сәтті өнер көрсетті. Атап айтқанда, ерлер арасында суда жүзуден ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Әділбек Бағжан чемпион атанса, әйелдер арасында үстел теннисінен облыстық қазынашылық департаментінің қызметкері Айгүл Нұрпейісова алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Медет Атен ерлер арасында тоғызқұмалақтан «Үздік ойыншы» атанды. Ал еліміздің 16 өңірінен келген 700-ге жуық қатысушылар арасынан жамбылдық құрама жақсы өнер көрсетіп, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар облыстарынан кейінгі төрттіктен көрінді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




