Асыл бейнеңіз жадымыздан өшпейді
Алланың ісіне не шара? Тағдыр жазуы солай жазылып тұрса, көнбеске амалымыз бар ма? Үстіміздегі жылдың 15 маусым күні асыл әке, адал жар, қамқор басшы, қимас бауыр Зауірбек Әмірбекұлы ШЫНӘЛИЕВТЕН көз жазып қалдық. Жаны жайсаң азаматтың өмірден озғанына да қырық күн толады.
Шынәлиев Зауірбек Әмірбекұлы 1938 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл қаласында дүниеге келген. Өзбекстанның Ташкент қаласында Ташкент автомобиль институтын 1967 жылы үздік бітірген. Осы жылы Жамбыл облыстық автомобиль транспорты басқармасында бас механик болып қызметін бастап, кейін осы басқарманың өндірістік бөлімінің басшысы қызметін де абыройлы атқарған болатын.
1974 жылы Жамбыл қаласының Орталық ауданы партия комитетінің бөлім басшысы қызметіне ауыстырылып, 1975-1991 жылы Орталық ауданның партия комитетінің секретары қызметіне жоғарылатылған. 1990 жылы Жамбыл облысы бойынша «Казавтомотосервис және сауда-саттық» мекемесінде директор қызметін абыроймен атқарды.
Осы мекеме кейін Тараз қаласы «СТО Қамқор» ЖШС атанып, өмірінің соңына дейін осы мекемені басқарды. Екі ұл өсіріп, олардан сегіз немере тәрбиелеген.
Біртоға, жаны жайсаң азаматты отбасы, әріптестері қимастықпен еске алып, ондай асыл бейнені күн сайын іздеп сағынуда. Алладан жатқан жері жайлы, жаны жәннаттың төрінен болғай деп тілейміз. Топырағы торқа болсын!
Еске алушылар: облыстық ардагерлер кеңесі,
«СТО Қамқор» ЖШС, туған-туыстары мен ұрпақтары.
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді