1922-2022: ШЕЖІРЕЛІ ЖЫЛДАР
«АҚ ЖОЛ»
(2016 жыл) 5 қараша. №129. (18.323). Үкімет жанындағы ономастика комиссиясының кезекті отырысында Қазақстандағы бірқатар теміржол стансаларының атауы ұлттық сипатына оралды. Облыс орталығындағы теміржол вокзалы енді «Тараз» деп ресми түрде аталатын болды. Кеңес өкіметі кезінде «Джамбул» аталып, жолаушы билетінде де осылай жазылып келген еді. Газет осынау жағымды жаңалықты бірінші бетіне «Сүйінші!» айдарымен жариялады. 15 желтоқсан. №146-147. (18.340-18341). «Ақ жол» газеті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жариялаған «Тәуелсіз елім бар» атты фотобәйгеде Жамбыл ауданынан Сейсенбек Айтбаев – бірінші, Тараз қаласынан Хангелді Жандарбек – екінші, Сарысу ауданынан Нұржан Есмаханов үшінші орын алып, жүлделерге ие болды. (2017 жыл) 5 қаңтар. №1. (18.348). Жаңа жылдық алғашқы нөмірінде «Ақ жол» газетіне осы жылдың 1 мамырында 95 жыл толатыны хабарланып, газет шежіресінен сыр шертетін суретті кітап шығару қолға алынғаны оқырмандарға жеткізілді. 17 қаңтар. №6. (18.353). «Ақ жол»- 95» айдарымен материалдар, газет тарихынан сыр шертетін фотосуреттер жариялана бастады. 26 қаңтар. №10. (18.357). «Ақ жолға» – ақ тілек» айдарымен басылымның 1965-1985 жылдардағы бас редакторы Баттал Жаңабаевтың «Қос ғасыр шежіресі» деген мақаласы берілді. 2 ақпан. № 13. (18360). «Ақ жолға» – ақ тілек » айдарымен газеттің 1985-1995 жылдарғы бас редакторы Арғынбай Бекбосынның «Дәуір жүрегінің дүрсіліндей» деген мақаласы берілді. Газеттің кейінгі нөмірлерінде естеліктерді басылым ардагерлері жалғастырды. 25 ақпан. №23. (18370). «Тарих. Таным. Тәуелсіздік» айдарымен жазушы-публицист Арғынбай Бекбосынның «Тектіліктің белгісі. Дулат бабаға ескерткіш орнату орынды ма?» деген мақаласы бір бет болып жарияланды, оқырмандар арасында үлкен пікір туғызды. 11 сәуір. №39. (18.386). Тараз қаласы «Баласағұн» концерт залында «Туған жер – тал бесігім!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Айтысты «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды. Жерлесіміз Дархан Әбдіманат бас жүлде алды. Бірінші орында қызылордалық Мұхтар Ниязов пен жерлесіміз Нұрлыбек Құрманов. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысының ақыны Рүстем Қоңырбайұлы және жерлесіміз Алтынкүл Қасымбекова. Үшінші орыннан торғайлық Айбек Қалиев пен астаналық Нұрмат Мансұровтар көрінді. Ал айтыс ақындары Олжас Отар, Анар Жапарқұлова, Ботагөз Мұхитдинқызы, Күміскүл Сәрсенбаевалар ынталандыру сыйлықтарын алды. 17 қазан. №117. (18.464). Облыс әкімдігі мен Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің қолға алуымен «Шерхан Мұртаза шығармашылығы және Тәуелсіз ел руханияты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Газеттің осы нөмірінде облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған Шерхан Мұртазаның 85 жылдығына арналған жастар арасындағы республикалық жабық мүшайра жеңімпаздарының есімдері хабарланып, жүлде алған өлеңдерінен топтама «Алты Алаштың алдаспаны» деген тақырыппен берілді. Бас жүлдені ақын Хамит Есаман жеңіп алды. Ақындар, оңтүстікқазақстандық Батырхан Сәрсенхан, Тараздан Табиғат Абаилдаев, астаналық Ажар Ерболған да жүлделерге ие болды. 31 қазан №123. ( 18.470). Ел газеттерінің арасында ақжолдықтар бірінші ребрендинг (брендті өзгерту)жасап, газеттің «Ақ жол» деген атауын латын қарпіндегі жаңа әліпбимен «AQ JOL» деп жазды. 9 желтоқсан №139. (18.486). Редакция басшылығында өзгеріс болды. «Ақ жол» газетіне директор-бас редактор болып Қуат Әуесбай тағайындалды. (2018 жыл) 11 қаңтар. №4. (18.498). Газет редакциясы облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып Астана қаласының 20 жылдығына орай «Арқа төсіндегі арман қала» атты айтыс ақындарының жыр додасын бастады. Жаңа жобаға есімдері елге жақсы таныс Ербол Қамбатыров, Дархан Әбдіманат, Нұрлыбек Құрманов, Қанат Мырзахан, Алик Бекмұсаев, Райхан Мәселбекова сынды айтыскер ақындар қатысатыны хабарланды. Әр жұптың айтысы газет сайтында толығымен жарияланып, оқырмандардың дауыс беру нәтижесінде үздік шыққандар жүлдегерлер қатарынан көрініп, қаржылай сыйлықтар берілетіні де айтылды. Айтысты белгілі ақын Ербол Қамбатыров бастады. Қарсыласы— Дархан Әбдіманат. 13 қаңтар. №5 (18499). «Ақ жолдың» жаңа айдары: «Ақәділдің объективі». Айдарда газет фототілшісі Ақәділ Рысмаханның нысанасына ілінген фотосуреттер арқылы өңірдің тыныс-тіршілігінен, өндіріс орындарының, мекемелердің және әртүрлі орталардың жұмысы барысынан сыр шертіліп, баяндалатын болды. Айдардың алғашқы шығарылымында облыс орталығы – Тараз қаласының тынысы, ондағы күнделікті күйбең тіршіліктің көріністері берілді. 30 қаңтар. №12. (18.506). «Ақ жолдың» жаңа айдары: Халық сөзі. Осы айдар арқылы оқырмандар «Таразға қандай өзгеріс керек?» деген сауалға жауап алды. Зейнеткер Манас Әлімбаев, қала тұрғындары Күләйша Жорабекқызы, Кенен Ембердиев, қала қонағы Майра Өскенбаевалар пікір- ұсыныстарын бөлісті. Газеттің осы нөмірінен бастап «Облысымыздағы 100 жаңа есім» айдарымен мақалалар беріле бастады.Дайындаған
Тұрсынхан ТОЛҚЫНБАЙҰЛЫ.м
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді