«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауы өтеді
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ БАҚ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ
- Жалпы ережелер
- Осы «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуге бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында әзірленді.
- Конкурсты өткізудің мақсаты:
- Конкурс үш номинациядан тұрады:
- Конкурсқа кәсіби журналистер (штаттағы және штаттан тыс), теле-радио, газет, сайт ұжымдары, журналистика және филология факультеттерінің ғалымдары қатыса алады. Қатысушылардан еліміздегі және шетелдердегі ақпараттық кеңістіктегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мемлекеттік тілді дамыту және оның қолданыс аясын кеңейту, сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының тілтану, әдебиеттану салаларын дамыту жөніндегі ғылыми, шығармашылық мұрасының қазіргі қазақ тілтану, әдебиеттану салаларымен сабақтастығы жөніндегі мемлекеттік тілде және орыс, ағылшын тілдерінде материалдар қабылданады. Материалдар аналитикалық талдаулар, ғылыми зерттеулер, проблемалар мен олардың шешу жолдарына негізделуі қажет. Конкурс материалдарында қазақша сөйлеуді ұлттық брендке айналдырудың тиімді жолдары көрсетілгені жөн.
- Конкурс материалдарын бағалау критерийлері:
- Конкурсты өткізу туралы хабарландыру 2022 жылдың екінші тоқсанында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады.
- Конкурсқа қатысу үшін Конкурс Қағидасының 3-тармағында көрсетілген үш номинацияның біреуі бойынша өтінім (қол қойылған, сканерлеген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің til.baq@tilqazyna.kz электрондық поштасына, «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық конкурсына» деген белгімен 2022 жылғы 15 тамызға дейін (2022 жылғы 14 тамыздағы 23 сағат 59 минутты қоса есептегенде) мынадай құжаттармен бірге жолдануы тиіс:
- Конкурс Қағидасының 9-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін ұсынылған өтінім конкурсқа қатыстырылмайды.
- Конкурсқа ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
- Қорытынды ережелер
- Конкурсқа қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мен әдебиет, журналистика салаларының білікті мамандарынан, ғалымдардан, зиялы қауым өкілдерінен кемінде бес адамнан тұрады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және оның мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасы мүшелері Конкурсқа қатысушылардан түскен материалдар негізінде дауыс беру арқылы Конкурстың үш номинациясы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық мүшелері қол қояды. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделіп, қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды. Конкурстың марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек айында салтанатты түрде өткізіледі.
- Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
- Конкурстың жеңімпаздары туралы ақпарат Конкурс біткеннен кейінгі 10 жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады.
- Т.А.Ә. ___________________________________________
- Жасы ____________________________________________
- Білімі____________________________________________
- Қызметі__________________________________________________
- Мекенжайы_____________________________________________
- Байланыс телефондары____________________________
- Мақала, бағдарлама, БАҚ атауы, жарияланған күні:
- Қосымша ақпарат _________________________________
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді