Денсаулық
2025 жылға қарай жамбылдықтар 100 пайыз ауыз сумен және газбен қамтылады
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2022
- 469
2025 жылға қарай жамбылдықтар 100 пайыз ауыз сумен және газбен қамтылады
БАҚ өкілдерімен өткен кездесуінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов халықты көп толғандыратын мәселенің бірі – коммуналдық шаруашылық саласы екенін ашып айтты.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыстағы 36 елді-мекенде ауыз су кестемен беріледі десек, биыл аталған ауылдардың саны 30 пайызға дейін қысқармақ.
Сонымен қатар, 15 елді мекенге газ тартып, 50 елді мекенге табиғи газ жүйелерін тарту арқылы және 2 автономды газ тарату станциясының құрылысы жүргізіліп, бұл мәселе де оң шешімін табатын болады.
Облыс әкімі өз баяндамасында 2025 жылға дейін облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 99,5 пайызға, елді-мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 94,1 пайызға дейін жеткізу көзделіп отырғанын баса айтты.
- Халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін сапалы ауыз су мен көгілдір отынға қол жеткізу бағытында атқарылатын жұмыс бағытымызды айқындадық. Бүгінге облыстағы ауылдық елді мекендердің 269-ы (622 мың тұрғын) орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Биыл тағы 30 елді мекендегі 40,2 мың тұрғын сапалы ауыз суға қол жеткізеді. Сондай-ақ, биыл қосымша 17 елді мекендегі 10 мың үй газға қосылады. Осылайша даму жоспарына сәйкес, 2025 жылға қарай облыстағы 371 елді мекен 100 пайыз ауыз сумен қамтылып, табиғи газды тұтынатын болады,-деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.Бұл межеге қол жеткізу үшін 62 ауылға су құбырын тартып, 40 ауылдың ауыз су жүйесін жаңғыртып, 31 ауылға су тазалау блок модулі орнатылады.
Сондай-ақ, бүгінгі таңда облыстағы 36 елді-мекенде ауыз су кестемен беріледі десек, биыл аталған ауылдардың саны 30 пайызға дейін қысқармақ.
Сонымен қатар, 15 елді мекенге газ тартып, 50 елді мекенге табиғи газ жүйелерін тарту арқылы және 2 автономды газ тарату станциясының құрылысы жүргізіліп, бұл мәселе де оң шешімін табатын болады.
Облыс әкімі өз баяндамасында 2025 жылға дейін облыстағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 99,5 пайызға, елді-мекен көшелері бойынша бұл көрсеткішті 94,1 пайызға дейін жеткізу көзделіп отырғанын баса айтты.Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




