Жамбыл облысында 83 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Халықтың әлеуетін артыруда әлеуметтік саланың салмағы ауыр. Әсіресе, жұмыссыздық мәселесі қашан да өзекті.
БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде осыған ерекше назар аударған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендету күтілуде екенін жеткізді.
Ал, 2025 жылға дейінгі облысты дамыту жоспарында өңірімізде 83 мың жұмыс орны ашылатын болады, оның 28,3 мыңы тұрақты, 55 мыңы уақытша. Бұл өз кезегінде жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік бермек.
БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде осыған ерекше назар аударған Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңіріміздегі жұмыссыздық деңгейін 4,9 пайызға дейін төмендету күтілуде екенін жеткізді.
- Алдағы уақытта әкімдердің жұмысы құрылған жұмыс орнына қарай бағаланатын болады,-деді аймақ басшысы.Жалпы, облыста Мемлекет Басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру» бойынша берген тапсырмасы шеңберінде 11 мың жаңа жұмыс орны ашылған десек, оның 3 мыңға жуығы тұрақты.
Ал, 2025 жылға дейінгі облысты дамыту жоспарында өңірімізде 83 мың жұмыс орны ашылатын болады, оның 28,3 мыңы тұрақты, 55 мыңы уақытша. Бұл өз кезегінде жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге кепілдік бермек. - Жалпы, облыстың 2025 жылға дейінгі даму жоспары қолдағы бар мүмкіндіктерге сәйкес терең, егжей-тегжейлі зерделене отырып, әзірленді. Мемлекет қолдауының арқасында барлық жоспарларымызды орындап, белгіленген көрсеткіштерге жетеміз деп сенеміз. Бұл халықтың тұрмысын жақсартып, өңір экономикасын дамытуға мүмкіндік береді,-деп түйіндеді өз сөзін облыс әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




