«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразым тартады да тұрады

Таразым тартады да тұрады
ашық дереккөз
Таразым тартады да тұрады

4Шерхан Мұртаза, Халық жазушысы.

Оқырмандарымның есінде шығар. «Ай мен Айша» атты еңбегімде жазғанымдай, мен кезінде әлемнің көптеген елдерінде болдым. Талай жерге табаным тисе де мені туған жерім, балалық шағымның ізі қалған киелі өлке Жамбыл жері өзіне тартады да тұрады. Мұның сыры туған жер деген ұғымның қасиеттілігінде болса керек. Жамбыл өңірі осыдан жетпіс бес жыл бұрын Оңтүтік Қазақстаннан енші алып, өз алдына ірге тікті. Кең байтақ қазақ елінің жағрафиясын тағы бір өңірге ұлғайтты. Бұл тарих үшін тым қысқа көрінуі мүмкін, ал уақыт тұрғысында әжептәуір кезең. Жамбыл жерінің барлық аймағы өз ерекшелігімен дараланады. Соның ішінде маған Жуалыдай табиғаты тамылжыған аймақта мына дүниенің есігін ашып, өмірге қанаттану бақыты бұйырыпты. Бұл да мен үшін зор мақтаныш. Қысы қатқылдау өлкеде менің азаматтық келбетім, өзіндік ұстанымым қалыптасты. Осы кейін ер жеткенімде менің өзіндік болмысыма айналды. Еліме қызмет ету жолында қолыма қалам алдырды. Қаламгерлік тұрғыда да жеткен табыстарым үшін туған жеріме қарыздармын. Жамбыл облысы менің өмірімнің ажырамас бөлшегі. Кемел шаққа келген облысымыздың мерейі әрдайым үстем болсын. Даңқы шарықтасын! Берекесі мен бірлігінің көбесі сөгілмесін! Қалғаны өзі келеді.

Ұқсас жаңалықтар