Әркім солай ойласа...
Ертеде бір ақылды патша: «Бүгін орталық алаңға үлкен бөшке қойдырамын. Сүт жинау керек болып жатыр. Таң атқанда әр тұрғын бір кеседен сүт әкеліп құйыңдар!», – деп жарлық береді. Ондағы мақсаты өзі басқарып отырған халыққа ой салу екен. Ертеңіне қараса бөшкенің іші сүт емес, таза суға толып тұр екен. Түні бойы әр адам: «Сонша сүттің ішінен менің бір кесе суым білінеді деймісің...» деп ойлаған көрінеді. Нәтижесі таңертең байқалып тұр. Сонда патша қарамағындағы барша халықты жинап алып:
Ардақты қауым! Бұл бөшкені қойғанның өзінде сіздерді сынау мақсатын көздеп едім. Менің халқым адал ма, соны білсем дедім. Сіздер бәріңіз бірден: «Менде тұрған не бар?» деп ойладыңыздар. Ал бүкіл қауым солай ойлағанда нәтижесі қандай болатынын көрдіңіздер. Мұның өзі сіздерге сабақ болсын», – деп ескерту жасапты.
Ақылды патшаның дәл осы өсиеті «Менде тұрған не бар?» деп әлі немкетті ойлайтын, қолынан келсе қонышынан басқысы келетін кейбір азаматтарға да ой салса қанеки!
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




