ПИК-тің жұмысы көңілден шықпай тұр
Біз биыл ақпан айында 5-ықшамаудандағы 20-үйге қоныс аудардық. Жаңа пәтерге келген соң, төңіректің жайлы әрі қауіпсіз болғанын қалайсың. Содан тұрғындардың тілегін жергілікті әкімдікке жеткізіп, үй төңірегіндегі бейберекетсіздікті реттеуге ықпалдасуды ойладым. Редакцияға қайырылғандағы мақсатым да осы. Біз келгелі үйдің жөндеуден өтпеген домофонына ай сайын 250 теңгеден төлеп отырмыз. Үй ауласының тазалығына қарайласып, басқа да шаш етектен келетін шаруаларды реттеу үшін ПИК-ке ай сайын тиісті соманы аударамыз. Тек маусым, шілде айларында төлем жасамадық. Мейлі, өзімізге міндеттелген қарызды төлеуден қашпаймыз, бірақ ондағы аула сыпырушылар үйдің алдын ғана сыпырып, артқы бөлігін тазалауды ескермей отырғаны алаңдатады.
Салдарынан пәтер лоджиясының астын біз тұратын подъездің балалары дәретханаға айналдырып үлгерді. Енді жағымсыз иіс үйді жалмап, ас бөлмеге жеткен соң, біз де қол қусырып қарап отыра алмадық. Балалардың әрекетін суретке түсіріп, құқық қорғау органдарына да өтініш қалдырдық. Сол маңда аласа келген жабайы ағаштарға қарап-ақ ПИК-тің тазалыққа салғырт қарайтынын байқауға болады. Енді осы келеңсіздіктер реттеліп, оңынан шешілсе деген тілегіміз бар. Себебі қала тазалығы – жан тазалығы емес пе?!
Маржан ҚАЗЫБЕКҚЫЗЫ,
қала тұрғыны.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




