Баланы ит қапсын деп туа ма?
Қазір телеарналар мен газеттерден көше кезген қаңғыбас, бұралқы иттердің көбейіп кеткенін, олардың тіпті адамға шауып жататынын көріп, оқып жатырмыз. Өзіміз де сондай өкінішті жағдайдың куәсі болып жүрміз. Ең өкініштісі, қаңғыбас иттер кішкентай ғана бүлдіршін балаларды талап жатыр. Ондай сұмдық жағдайлар адамның көзіне жас үйіреді. Сонда ата-ана баласын ит таласын деп туа ма?!
Оған қандай да бір шара қашан қолданылады? Неге ештеңеге жазығы жоқ кішкентай балалар итке таланып, дене жарақатынан бөлек, психологиялық соққы алуы керек? Ал итке таланып, бала қайтыс болып кетсе ше? Ондай жағдайда ата-ананың күйі не болмақ? Осындай қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін мәселені неге дер кезінде шешпеске?!
Жалпы, «баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» дейтін халықпыз ғой. Баланың күйігі басқа-басқа маған мәлім. Өйткені, мен сондай қайғылы жағдайды бастан өткерген адаммын. 1968 жылы туған баламның денесін ағын судан тауып алып, оны маған көрсетпестен, полиция қызметкерлері көміп тастаған. Міне, содан бері 6 жыл өтті. Ал баламды өлтірген адамдар әлі табылмады. Сол сияқты ата-ананың жүрегін қан жылататын талай жағдайлар бар.
Ал енді көшенің итіне баланы талатып қойып қарап отыру деген, өз қолымызбен қылмыс жасаумен тең емес пе?!
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
еңбек ардагері.
Меркі ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді