«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

1922-2022: ШЕЖІРЕЛІ ЖЫЛДАР

1922-2022: ШЕЖІРЕЛІ ЖЫЛДАР
ашық дереккөз
1922-2022: ШЕЖІРЕЛІ ЖЫЛДАР

«АҚ ЖОЛ»

 20 мамыр. №75-76. ( 17.932—17.933). Тараз қаласында Түркі өркениетінің қайдан бастау алатынын зерделеген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл конференцияны өткізуге Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті және Түркиядағы Гази, Қытайдағы Санжы, сонымен қатар Мәскеу мемлекеттік дизаин және технологиялар университеті мен Тыва гуманитарлық зертттеулер университетінің ғалымдары аталысты. Конференция жұмысы екі күнге созылды. 5 маусым. №86. ( 17.943). «Ақ жол» газетінің арнайы экспедициясы: тарих «ақтаңдақтарын» ақтарғанда. Мемлекет және қоғам қайраткері, публицист Алма Оразбаеваның қабірін (1898-1948 жылдар) қайтыс болған жері делінетін Луговой (қазіргі Құлан) өңірінен іздестіріліп, табылған деректер негізінде «Қазақтың қайраткер қызының қабірі қайда?» деген мақала осы нөмірде жарияланды. Экспедиция мүшелері: К.Сәттібайұлы (жетекші), С.Қожеке, А.Үсейінова, А.Рысмахан ( фото). 7 маусым. № 87. ( 17.966). Сегіз бет болып шықан газет оқырмандарға «Тылсым дүние» және «Газет ішіндегі газет» аталатын қос бірдей жаңа жобасын ұсынды. 24 маусым. №94. ( 17.951). «Отбасы – тірегім, Отаным – жүрегім» атты республикалық ақындар айтысы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығы мен Жамбыл облысының құрылғанына 75 жыл толуы мерейтойына арналып өткізілді. «Баласағұн» мәдениет сарайында өткен жыр додасында бас жүлдені қызылордалық Нұрмат Мансұров жеңіп алды. Бірінші орын ақтөбелік Қайнар Алагөзовке бұйырды. Жерлесіміз Әсет Дүйсебаев екінші орыннан көрінді. 17 шілде. № 105. (17.962). «Ақ жолдың» жаңа айдары: «Бүкпесіз әңгіме». Республикалық «Асыл арна» ислами – ағартушылық телеарнасын басқаратын ақын Мұхамеджан Тазабековпен әңгімелескен К.Сәттібайұлы. 9 қыркүйек, № 127. ( 17.984). Ресейдегі «Художественная литература» баспасынан қазақ прозасының антологиясы сериясы бойынша кітаптар том-том болып шыға бастады. Төртінші томына қазақ әдебиетінің мүйіздері қарағайдай белгілі қаламгерлерімен бірге Арғынбай Бекбосынның «Течет река Талас» ( «Ағады Талас, ағады..) атты көлемді көркем эссесі енді. Орыс тілінде жазған хикаяттары бұрын республикалық «Нива» журналында жарияланып келген еді. 16 қазан.№ 143. ( 18000). «Жүріп өткен қилы заман ғасырын, Жасай берсін айбыны асқақ басылым». «Ақ жолдың» он сегіз мыңыншы нөміріне арналған айқарма бет осындай тақырыппен берілді. Басылымның бұрынғы бас редакторлары Б.Жаңабаев, А.Бекбосын, М.Рысдәулеттердің сөздері, фотошежіре, басқа да материалдар жарияланды. 20 қараша. №160 ( 18.017). Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің шыға бастағанына 95 жыл . Басылымның бас редакторы Бекет Момынқұлмен сұқбат «Қандай заман болса да, газет маңызды болып қалады» деген тақырыппен берілді. Авторы–Тұрсынбек Сұлтанбеков. (2015 жыл) 1 қаңтар. №1. (18.035). «Ақ жолға» 22.841 оқырман жазылған. Осындай жағымды хабар өзге де жақсы жаңалықтармен қатар газеттің жылашар нөмірінде берілді. 13 қаңтар. № 41. (18.038). Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына арналған дүбірлі тойға арналған негізгі шаралар Жамбыл облысында Тараз қаласында өтетін болды. Осынау жаңалықты бірінші бетіне жариялаған газет «Қазақ хандығына—550» айдарымен жарияланымдарды бере бастады. 21 ақпан. №22 (18.056). «Ақ жол» газетінің сайты өз оқырмандарына үш қаріпте ақпарат тарата бастады. Оқырмандар кириллицамен бірге латын және төте жазумен де оқи алады. Бұл жаңалық «Ақжолтай хабар» айдарымен бірінші бетке жарияланды. 3 наурыз. №26. ( 18.060). Қазақ хандығының 550 жылдығына және Жеңістің 70 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тарихтан жеткен ұлы сый» атты ақындар айтысы өтті. Тараз инновациялық гуманитарлық университеті «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы мен облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған жыр додасында жуалылық Қанат Мырзахан бас жүлде, Жамбыл ауданының өкілі Нұрлыбек Құрманов 1-ші орын, байзақтық Рай Дөңбай екінші орын алды. Үшінші орын жүлдесін айтыс ақындары Шыңғыс Кенжалиев пен Нұрлан Жұмабек иеленді. 17 қыркүйек. № 115. ( 18.149). Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Тараз мемлекеттік университетінің Жастар сарайында «Қазақ хандығының тарихы: құрылуы, қалыптасуы және дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оның жұмысына Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Ханкелді Әбжанов, Қазақ ұлттық университетінің жанындағы «Абай» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жанғара Дәдебаев, Қазақ ұлттық университетінің профессоры Берекет Кәрібаев, тағы басқа да ғалымдар келіп қатысты. 19 желтоқсан. № 155. ( 18.189). Қазақстанның химия өнеркәсібінің көшбасшысына айналған «Қазфосфат» ЖШС-інің бас директоры Ескендіров Мұқаш Зұлқайнарұлына Қазақстанның Еңбек Ері атағы беріліп, Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды. (2016 жыл) 27 ақпан. №24. (18.218). «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт». Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған айқарма бет. Мұхтар Әуезов, Мұхамеджан Қаратаев, Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев, Павел Кузнецов, Бауыржан Момышұлы, тағы басқалардың Жамбыл туралы сөздері, басқа да жарияланымдар берілді. 21 маусым. № 72. (18.266). «Ақ жолдың» жаңа жобасы: біздің олимпиадашылар. Әйгілі балуан Жақсылық Үшкемпіров туралы «Олимпиада чемпионы атанған алғашқы қазақ» мақаласы берілді. Авторы – Табиғат Абаилдаев. 22 қазан. №123. (18.317). Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі; тарихи маңызы, тағылымы мен зерттеулердің перспективалары» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Дайындаған Тұрсынхан ТОЛҚЫНБАЙҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар