Байтұрсынұлы жайлы жаңа құжаттар табылды
Ресейдің мемлекеттік архивінен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлына қатысты тың құжаттар табылды. Бұл туралы еліміздің архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің өкілдері мәлімдеп отыр. Мұрағат саласының басы-қасында жүрген, ҚР архив істері және құжаттаманы басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлзира Қарсақбаева осыдан біраз бұрын Мәскеуде А.Байтұрсынұлына қатысты жаңа деректер бар екенін айтып, қуантты.
Бұл мәліметтер үлкен жобаға айналып, жыл соңына дейін кітап болып құрастырылмақшы. Г.Қарсақбаева БАҚ өкілдеріне берген шағын сұхбатында: «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай құжаттар жинағы дайындалып жатыр. Қазір олар бізге қолжетімді. Екі жақты келіссөздер арқылы солардың көшіремелерін алып жатырмыз. Біз бұл жаңалықты әлі жариялаған жоқпыз. Өйткені алдымен оны ғылыми айналымға енгізуіміз керек. Оған сараптама жасалуы қажет. Содан кейін барып құжаттар туралы мәліметтер ресми түрде жарияланады», деді.
Бастысы, Байтұрсынұлы жайлы жаңа, құнды деректердің табылғаны – қандай қуаныш. Ал оның ғалымдар тарапынан сарапталып, талданып, көпшілік қауымға кітап болып жол тартатын күні де алыс емес. Бұл – еліміз үшін рухани үлкен олжа. Себебі Байтұрсынұлы жайлы, біздің арыстарымыз жайлы әрбір тың дерек – баға жетпес байлық.
Материалды жинақтаған
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




