Әр отбасы Отанның бір бөлшегі
Облыс әкімдігінің білім басқармасы «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалымен бірлесіп жеті апталық отбасылық даму марафонын бастады. Бұл шара отбасы құндылықтарын қалыптастырып, нығайтуды мақсат етеді. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде басқарма басшысы Бейқұт Жамангозов баяндады. Оның пайымынша, қоғамның негізін қалайтын – Жанұя! Ал осы отбасы – мемлекеттің іргетасы, қоғамдағы әр жанұяның босағасы берік, мерейі үстем болмай мемлекеттің мықты болуы мүмкін емес.
«Отбасы – адам баласының өсіп-өнетін, қанат жаятын алтын бесігі. Сондықтан да бұл әлеуметтік институтты дамыту өзекті мәселелердің бірі болмақ. Осы мақсатқа қол жеткізу тетіктерінің бірі ретінде аталмыш марафон ұйымдастырылып отыр.
Ондағы алға қойған міндеттер:
– Отбасылық құндылықтарды насихаттау;
– Отбасы институты мен отбасылық қатынастарды нығайту;
– Ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру;
– Саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру;
– Ұлттық тәрбие дәстүрлерді дәріптеу;
– Қазақстандық өнегелі отбасыларды насихаттау;
– Ұрпақтар сабақтастығын нығайту», – деді Бейқұт Тілебалдыұлы.
Аталған марафон аладағы 28 тамызда аяқталады. Осы аралықта, яғни 7 апта ішінде барлық қатысушы отбасыларға апта сайын бір тапсырма беріліп отырады. Бұл туралы арнайы бекітілген ережеде көрсетілген. Спикер бала тәрбиесіне байланысты шараларға қатысуда ата-аналарды белсенділік танытуға шақырды.
Өңірлік коммуникациялар
қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




