Тұрғындар баспаналы болды
ЖАМБЫЛ АУДАНЫ Жақында Рахат ауылындағы көпбалалы екі отбасыға баспана кілті табыс етілді. Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков пен Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов арнайы барып, қуаныш иелерін құттықтады.
Бұл күні тұрғындар мен кәсіпкерлер, қолы ашық ауыл азаматтары көпшілік алғысын арқалап, сауапқа кенелді. Баспанаға ие болғандардың бірі Жақсылықов көшесінде тұрса, екінші азамат Айдаров көшесінің тұрғыны. Баспана 5 бөлмеден тұрады, тұрғын үйге ауыз су және электр желісі кіргізілген. Табиғи газ енді қосылмақ. Ауылдастарының жасаған жақсылығына үйлі болған отбасы мүшелері алғыстарын білдірді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




