Жаңа ғимаратқа көшті
ҚОРДАЙ АУДАНЫ Аудан орталығында тұрғындарға гемодиализ қызметін көрсететін орталық ашылды. Бұған дейін бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін науқастарға гемодиализдік қызмет көрсететін орталық аудандық аурухананың тарлау ғимаратында орналасқан болатын. Енді азаматтарға жаңа әрі кең ғимаратта сапалы медициналық қызмет қолжетімді болмақ. Қазір барлығы 50 тұрғын есепте тұрады. Оларға екі дәрігер, бес медбике және үш санитар қызмет етеді. Орталық бір күнде 20 емделушіні қабылдайды. Оларға барынша жағдай жасалған, кесте бойынша арнайы көлік алып келіп, апарып тастайды.
Диализ залы толықтай германиялық «В.Вraun» компаниясының медициналық қондырғыларымен жабдықталған. Ол бесінші сатыдағы созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарды қабылдауға мүмкіндік береді.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




